Астананың оң жағалауындағы негізгі көшелердің бірі жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Ж. Нәжімеденов көшесінен Арқар көпіріне дейін Ш. Қалдаяқов көшесін жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындарын мен қонақтарын Ж. Нәжімеденов көшесінен Арқар көпіріне дейін Ш. Қалдаяқов көшесін жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 1 — 5 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Ш.Қалдаяқов/Ж. Нәжімеденов қиылысы ішінара жабылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Ақтөбе – Астана бағытына жазғы маусымдық пойыз қатынайтыны туралы жазған едік.