Астананың орталық саябағы жаңғыртылған соң қандай болмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Орталық саябақтың жай-күйіне қатысты қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштердің көптігіне байланысты жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

 Астананың орталық саябағы жаңғыртылған соң қандай болмақ
Фото: Урбанистика орталығы / Данияр Чиндалиев

Соңғы рет аллеяға күрделі жөндеу жұмыстары шамамен 10 жыл бұрын – 2015 жылы жүргізілген. Содан бері ескертулер ішінара ғана жойылған. Биыл «Нұра» ауданының әкімдігі кешенді абаттандыру жұмыстарын бастады, атап айтқанда:

* жаяу жүргіншілер аймағын және шаңғы трассасын жаңарту;

* ескірген жарықтандыру желілерін ауыстыру;

* субұрқақтар мен жаңбырөткізгіштерді жөндеу;

* инклюзивті балалар ойын алаңын жөндеу.

150-ден астам жетілген қарағаш пен шырша көшеті отырғызылмақ.

Астананың орталық саябағы жаңғыртылған соң қандай болмақ
Фото: Урбанистика орталығы / Данияр Чиндалиев

Жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді, саябақ жұмысын жалғастырып жатыр. Жұмысты шілде айына қарай аяқтау жоспарланған.

Осыған дейін Алматы саябақтарында 6 мыңға жуық шам орнатылатынын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар