Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй жарықсыз қалды
АСТАНА. KAZINFORM — «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шұбар» қосалқы станциясында кейбір ұяшық өшірілген. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған.
— «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі 13 желтоқсан күні «Шұбар» қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілгенін хабарлайды. Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болды. 4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстырулар жүргізіліп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Sergek ITS мамандары тұрғындардың сол жағалаудан оң жағалауға және керісінше жолға жұмыс және демалыс күндері қанша уақыт жұмсайтынын анықтағаны белгілі болды.
Сонымен қатар, елордада тұрғын үй салып жатқан компания әкімдікті сотқа бергені хабарланды.