17:54, 30 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Елорданың сол жағалауында көпір жөнделуде: 10 автобус бағытын өзгертті
Астана жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгерді. ҚазАқпарат бұл туралы "City Transportation Systems" компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Қошқарбаев даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына қарай қозғалыс бойындағы М1 көлік айрығынан түсер жолда жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бүгін сағат 15:00-ден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін № 15, 15 А, 19, 29, 29А, 30, 40, 47, 51, 56 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Жолаушыларға өз сапарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.