Астананы дамытудың жаңа тұжырымдамасы 2 млн тұрғынға есептелген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Астананың 2025 жылға дейінгі шебер жоспар тұжырымдамасын құруға халықаралық қатысушыларды іріктеу тамыз айының басында жүргізілді, деп хабарлайды елорда əкімдігінің медиа орталығы.

«Біз бас жоспарының форматын толығымен өзгертеміз. "2025" шебер жоспары бекітілді, тұжырымдама байқауы орнатылды жəне халықаралық команда осы жылдың соңына дейін өз нұсқаларын ұсынуды жалғастырады. Соңында біз жеңімпазды таңдаймыз. Содан кейін 2018 жылы шебер-жоспарды жүзеге асыра бастаймыз, - деп хабарлады елордалық əкімдіктің медиа орталық тілшісіне "Астана бас жоспары ҒЗЖИ"ЖШС жанындағы Урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат Сəдуов.

Айта кетейік, елорда жоспарының жаңа тұжырымдамасы қала құрылысын полиорталық принципі бойынша қарастырады және екі миллион тұрғынға есептелген  Жаңа орталық Копенгаген, Лондон, Дубай тәжірибесімен құрылуда. 

Барлық командалар шетелдік. Бір команда Ресейден, қалғандары алыс шетелден. Бұл сингапурлық, канадалық жəне британдық командалар. Біз шетелдік сарапшыларды шебер жоспарды дамытуға көмекші ретінде қабылдаймыз, - дейді А.Садуов.

Соңғы жаңалықтар