Астананы қардан тазартуға жастар жұмыла бастады

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Сенбі күні Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма Ильинка елдімекенінде «Стоп-Қар!» ұранымен сенбілік өткізді.
None
None

Акцияның мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қала тазалығын сақтауға үндеу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, деп жазады елорданың ресми сайты.

Аталған сенбілікте жастар Астананың су басу қаупі бар аумақтарын қардан тазартты. Жұмыстарға 500-ге жуық жастар, 50-ден астам техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, бұл қала жастарының халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қосқан өзіндік үлесі десе де болады. Өйткені, сенбілікке жиналған жастар «Баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану - ең алдымен, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуден басталады» дегенді айтуда. Сарыарқаның самал желі мен Есілдің суын баламалы негізде энергия көзі ретінде пайдаланудан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай іс-шараларды жиі өткізуді мақсат тұтады.

Соңғы жаңалықтар