Астананы түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы ретінде жариялау - түркітілдес мемлекеттер арасында интеграциялық процестерді дамытудағы Қазақстан еңбегінің жемісі

байланыстардың мүмкіндіктері де қарастырылды», - деді Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл Ыстамбұлда қыркүйектің 16-сында өткізілген Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы Саммиті аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында. Саммит жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева және Түрікменстан Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов қатысты.
Жалпы алғанда Ыстамбұл Саммиті бір үлкен тақырыпқа арналған, ол түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахычеван Келісімін жүзеге асырумен байланысты мәселелерді талқылау. Бұл келісімге 2009 жылы қазанның 3-інде Нахычеван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінің аясында қол қойылған болатын. ҚР Парламентінің Сенаты 2010 жылы қыркүйектің 10-ында «Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастығы кеңесін құру туралы Нахычеван келісімін бекіту туралы» Заң қабылдады. Нахычевандағы Саммитте Ыстамбұлда Кеңес Хатшылығын құру туралы шешім қабылданды. Ыстамбұлдағы Саммитте түркітілдес мемлекеттердің Байланыстар кеңесінің Бас хатшысы болып түрік дипломаты, Түркияның Ресей Федерациясындағы бұрынғы елшісі Халиль Акынджи сайланды.
«Біз елшіден Хатшылықты құру туралы жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауын күтеміз», - деп атап өтті А.Гүл.
Саммит жұмысында Түркі мемлекеттері байланысының кеңесін, Мемлекет басшыларының кеңесін, Сыртқы істер министрлері кеңесін, Ақсақалдар алқасын, Үлкен лауазымды тұлғалар кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, негізгі қызметі экономикалық және сауда байланыстарды дамытуға бағытталған Түркі іскер кеңесін құру туралы да шешім қабылданды. Бакуде түркі мәдениетін сақтау қоры да құрылуда. Сонымен қатар, ТҮРКСОЙдың Астананы түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы ретінде жариялау - түркітілдес мемлекеттер арасында интеграциялық процестерді дамытудағы Қазақстан еңбегінің айғағы. Былтыр Нахычевандегі Саммит барысында ҚР Президентінің Түркітілдес мемлекеттердің кеңесін құру туралы бастама көтергенін еске сала кету керек. Нәтижесінде, түркітілдес мемлекеттер Байланыстарының кеңесін құру туралы келісім құжатына қол қойылды.
Астанада Түркі академиясы аясында мұражай мен кітапхана ашылады. ТҮРКСОЙ - штаб-пәтері Анкарада орналасқан түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамытудың халықаралық ұйымы, ТҮРКПА - Бакуде орын тепкен түркі елдері парламентшілерінің ассамблеясы мен Астанада құрылған Түркі әлемінің академиясы мемлекет басшылары шешкендей, түркітілдес мемлекеттер байланысының институттық құрылымын нығайтуы тиіс.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Саммиттің жалпы отырысында 2011-ші жылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Әзірбайжан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі бірлескен шараларды өткізу туралы ұсыныс жасады. Бұл бастама оның әріптестері тарапынан қолдауға ие болып, Түрікменстан Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхаммедов Түрікменстанда түркі мәдениетінің үлкен фестивалін өткізу туралы ұсыныс жасады.
«Егер барлық өткізілген отырыстарды тұтастай алып қарасақ, аталмыш маңызды іс-шара түркі әлемінің мақсаты болатын аймақтағы бейбітшілік, тыныштық пен ынтымақтастыққа өз үлесін қосады деп мақтанышпен айта аламыз», - деген Түркия Президенті, түркі елдері арасындағы байланыстардың дамуы аймақтың көрші елдеріндегі тұрақтылықты сақтауға өз үлесін тигізетінін атап өтті.
Әрине, Саммит барысында Қырғызстандағы саяси және экономикалық ахуалды реттеуге қатысты мәселелер де талқыланды. Н.Назарбаев өз сөзінде атап өткендей, түркі және өзге де елдердің Қырғызстанға көрсетіп жатқан көмегі нақты әрі тиімді болуы керек. Ол өз әріптестерін Ош және Жалалабад облыстарындағы мектептер мен ауруханалар секілді әлеуметтік нысандар құрылысына қаржы аударуға шақырды, сондай-ақ, қырғыз жастарының түркітілдес мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алуына жағдай жасау керек. Қазіргі күні Қазақстан екіжақты қарым-қатынастар шеңберінде, сонымен қатар ЕҚЫҰ төрағасы ретінде бірталай гуманитарлық көмек жіберу арқылы Қырғызстанға жан-жақты қолдау көрсетуде. Жалпы алғанда, Елбасының ойынша, осы елдің экономикасын қайта құруға бағытталған маңызды қадамдар осы елде қазанның 10-ында өткізілетін сайлаудан кейін жүзеге асырылуы керек. Қырғызстанда тұрақты үкімет құрылғанда, өзге елдер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік инвесторлар өз жұмысын нақты жоспарлай алады. Осыны түсінген Қырғызстан басшылығы ел оңтүстігіндегі ахуалды тұрақтандыру шараларынан бөлек, елдегі инвестициялық климатты жақсартуға талпыныс жасауда.
Р.Отынбаеваның келесі Саммитті Қырғызстанда өткізу туралы айтқан ұсынысын қолдай отырып, түркі тілдес мемлекеттердің басшылары Қырғызстан басшылығы елдегі жағдайды тұрақтандырып жатқандығына сенімдерін білдірді. Сонымен қатар, түркі тілдес мемлекеттер Ақсақалдар Кеңесінің хатшылығы Қырғызстанда орналасатын болды. Осыған қоса, түркі тілдес мемлекеттер Ынтымақтастығы кеңесінің екінші отырысы 2012 жылы Бішкекте өтетіндігі туралы шешім қабылданды. Кеңестің алғашқы отырысы келесі жылы Астанада өтеді деп көзделіп отыр.
Баспасөз мәслихатында сөз алған Президент Н.Назарбаев: «Біз осында отырған әріптестерімнің, осы мемлекеттердің қолдауы арқасында ЕҚЫҰ-ның төрағасы болдық», - деді.
Президент ағымдағы жылғы желтоқсанның 1-2-і аралығында Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстан үшін үлкен мәртебе екенін атай келе, барлық түркі тілдес мемлекеттердің басшыларын осы Саммитке қатысуға шақыратынын хабарлады. Түркі тілдес елдердің басшылары Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға, басқа да халықаралық ұйымдарға төрағалық етуін қолдап, Н.Назарбаевты ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада өткізілетіндігімен құттықтды.
Н.Назарбаев Түркия Президенті Абдулла Гүлге қонақжайлылығы мен Саммит өткізілуін жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты, Саммит нәтижесінде түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығын бір институтқа біріктіру мүмкіндігіне қол жеткізілді. Яғни бұрын осы мемлекет басшыларының кездесуі араға уақыт салып өтіп отырса, енді Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі - арнайы халықаралық ұйым құрылып отыр.
Президент Н.Назарбаев жаңадан құрылған халықаралық ұйымның маңыздылығын, бұл ұйым блоктық ұйым емес екендігіне тоқталды.
«Кездесу барысында, сондай-ақ отырыс барысында барлық аймақтық мәселелер, Ауғанстандағы, Ирандағы, Қырғызстан мен Таяу Шығыстағы мәселелер талқыланды. Бірақ біз блоктық ұйым болып табылмаймыз, бұл ұйым біреуге қарсы бағытталмаған. Бұл ұйым тілі мен дәстүрі жақын бауырлас елдерді жақындастыру үшін, біздің экономикалық ынтымақтастығымыз үшін, мемлекеттеріміздің дамуы үшін, біздің елдердегі достық пен тұрақтылық үшін құрылған», - деді Н.Назарбаев.
Саммит аясында Түркия, Әзірбайжан мен Түрікменстанның энергетика министрлері Каспий алабының энергия қорларын пайдалану мүмкіндіктері талқыға түскен отырыс өткізді.
Кейбір сарапшылар Түркия өзін аймақтық көшбасшы ретінде де, Орталық Азия мен Каваказға өз ықпалын жүргізгісі келетін мемлекет ретінде де өзін алға алып шығу талпынысын жасайды деп санайды, тіпті бұл түркі тілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі осы мақсат үшін құрылған деген сөздерді де айтуда. Алайда Қазақстан мен басқа да түркі тілдес мемлекеттердің көп жылдық тәжірибелері көрсетіп отырғандай, Түркиямен арадағы ынтымақтастықты дамыту барлық түркі тілдес мемлекеттердің экономикалық дамуына көмектеседі.
Баспасөз мәслихаты барысында түркі тілдес мемлекеттер Ынтымақтыстығы кеңесінің тілі қай тіл болады деген сұраққа Түркия Президенті бұл мәселе уақытты қажет ететіндіктен, тіл мәселесі біртіндеп шешіледі деп мәлім етті.
«Біз алты елде тұратын бір халықпыз. Біз мұны мақтан тұтамыз. Біз ортақ мүддемізді сақтап қалу үшін, халықтарымызды жақсы өмірмен қамтамасыз ету үшін бірлесе күш-жігер жұмсайтын боламыз», - деді Ыстамбұлдағы Саммитті қорытындылаған Абдулла Гүл.