Астананы жарықтандыру жүйесі экологиялық таза технологияларға негізделетін болады - Кәрім Мәсімов

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан астанасын жарықтандыру жүйесі экологиялық таза технологияларға негізделетін болады.
None
None

Бұл жайында бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Еуропа үшін қоршаған орта» атты 7-ші министрлер конференциясының жұмысына қатысушылармен кездесу кезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Біз бүгінде су ресурстары проблемасын шешу бойынша, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ «Жасыл дамуға» қолдау көрсетіп, қалдықтар мен шикізатты қайта өңдеу бойынша мәселелерді атқарудамыз. Бұл тұрғыда біз Астанада «жасыл технология» жүйесіне негізделетін жарықтандыру жүйесінің құрылысын салудамыз»,-деп атап өтті К. Мәсімов.

Үкімет басшысы өз сөзінде су ресурстары мен «Жасыл даму» мәселелері бұл тек бүгінгі күннің ғана емес, сонымен қатар алдағы ұрпақтың да проблемалары екенін ескертіп өтті.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 21-23 қыркүйек арасында «Еуропа үшін қоршаған орта» атты 7-ші министрлер конференциясы өтіп жатыр. Бұл алқалы жиынға бірқатар елдердің экология министрлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар