Астананың 11 жылдық мерекесіне орай 300 отбасына пәтер кілті табыс етіледі - Н. Назарбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елорда күні қарсаңында пәтерлі болған 15 азаматтың ішінде ҚР халық әртісі Қайрат Байбосынов, нашар көретіндер арасындағы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Мұрат Жүнісов, қазақтың дәстүрлі әндерін орындаушы Айгүл Қосанова, каратэден халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы Мария Гриднева, Астана қаласы медицина университетінің оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Куреиш Хамчиев бар.
Мемлекет басшысы дағдарысқа қарамастан барлық бағдарламалар орындалуда екенін, оның ішінде халыққа пәтер беру мәселелері шешіліп жатқанын айтты. Астананың өзінде биыл 500 пәтер берілді. Тағы 300 пәтер елорданың 11 жылдық мерекесіне орай тапсырылады. Жыл аяғына дейін тағы бір топ азаматтар баспаналы болады. Елбасы пәтер иелерін құттықтай келе, «әр адам үшін баспаналы болу - үлкен бақыт. Әр отбасында береке, бақыт және қуаныш болсын" деді Н. Назарбаев.
Айта кетейік, 2008 жылы Мемлекет басшысы тапсырмасымен экономиканы тұрақтандыру және құрылыс саласын қолдау мақсатында шаралар кешені қолға алынып, оның шеңберінде Астана қаласы әкімдігі құрылыс компанияларынан 6203 пәтер сатып алған болатын. Аталмыш инвестиция Астанадағы 47 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді.