Астананың 25 жылдығына орай жаппай веложарыс өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары мен қонақтары Астананың 25 жылдығына арналған жаппай веложарысқа шақырылады. Іс-шара 25 маусым күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
Фото: gov.kz

Жарыс Қосшы қаласы бағытындағы айналма веложолдан басталады. 25 шақырым қашықтықтан кейін Үркер (Ильинка) елді мекеніне барар жолдағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу: сағат 8:00 - 8:30. Басталуы – 9:00.

Әрбір қатысушы жарысқа өз велосипедімен жіберіледі.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.


Соңғы жаңалықтар