19:19, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Астананың 4 тұрғыны жалған квитанция жасап, заңсыз жолмен ақша тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қолдан квитанция жасап сатқан қылмыстық топтың қызметіне тұсау салынды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты кезінде Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Әбілқайыр Ысқақов мәлім етті.

«Қазақстан Республикасының 4 азаматы, Астана қаласының тұрғындары арнайы жоспар құрып, заңсыз жолмен пайда табу үшін әкімшілік айыппұл төлеу туралы 331 квитанцияны қолдан жасаған. Осы қылмыс мемлекетке 10 млн. теңгеден астам шығын әкелген. Яғни, олар айыппұлдары бар адамдарды іздеп, айыппұлды төлеу үшін 50 пайыздық жеңілдік ұсынған. Яғни, алаяқтықпен де айналысқан»,-деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, қазір осындай 300 факттен тұратын іс сотқа жіберілген және алаяқтар азаматтардың шығынын толық өтеп берген. Алаяқтықпен ақшаға кенелеміз дегендердің үкімін енді сот шығарады.