Астананың әкімі xалықты қабылдаудың жаңа үлгісін енгізді

Бұрын қала тұрғындары мен қонақтары қандай бір мәселе бойынша әкімдікке барғанда алдымен рұқсат бюросына барып, смартфон мен планшеттерін арнайы ұяшықтарға тастап кететін. Содан кейін ғимаратқа кіріп, басқармалардың кабинеттерін іздесе, енді барлық басқармалардың өкілдері бірінші қабатта отырып, xалықтың арыз-шағымдарын қабылдайтын болады. Осылайша, әкімдік құрылымдары xалыққа қызмет көрсету орталықтары үлгісінде жұмыс істеуге кірісті.
«Осыған байланысты әкімдіктің холында арнайы тынығу алаңы ашылды. Ол жерде теледидар мен су ішетін орын бар. Бірінші қабатта ұялы телефон мен планшеттерді емін-еркін қолдануға болады. Сондай-ақ ұлттық киім киген үш қызметкер екі тілде барлық сұрақтарға жауап бере алады. Олар қажетті ақпаратты беріп, азаматтарды басқармаларға жіберетін болады», - дейді Астана әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева.