«Астананың әуе қақпасы талапқа сай дамытылатын болады» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 4 шілде, сейсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады. ***
None
None

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Татарстан астанасы - Қазан қаласында «Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің» ашылу салтанаты өтті. Оған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин, Татарстан Президентінің міндетін атқарушы Рустам Минниханов, Татарстанның бұрынғы президенті Минтимер Шаймиев, қала мэрі Ильсур Метшин, Татарстандағы қазақ ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Сағит Жақсыбаев қатысып, сөз сөйледі. Қазан қаласындағы орталық көшелердің біріне Елбасы есімі берілгені жөнінде бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Енді, міне, көшенің атауы ресми жарияланып, салтанатты түрде ашылды. «Ең бірінші кезекте Татарстан басшылығына, осы бастаманы көтерген қоғамдық ұйымдарға, Қазан билігіне қаланың орталық көшелерінің біріне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беру бағытындағы байламды бас­та­малары үшін шынайы риза­шы­лығымды білдіргім келеді. Қалалар адамдар сияқты ортақ ерекшелікке ие. Олар дүниеге келеді, өмір сү­ре­ді, өсіп-өркендейді. Бірақ Қазан әр уақытта да көрікті қала болып қала береді. Мен осыдан біраз бұрын Қазан қаласының мың жыл­дығы аталып өтілгенін білемін. Ол барша Еуразия кеңістігін қам­тыған маңызды мәдени, қоғамдық оқиғаға айналған болатын. Өйткені, Қазан - ерекше қала, әлемдік тарихы бар қала. Әлем­дік мәдениетте айрықша орны бар тарихи қала», - деп атап өтті ша­раның ашылу салтанатында сөй­леген сөзінде Қазақстан елшісі Ма­рат Тәжин. Бұл мақала басылымның бүгінгі санында «Татарлар тартуы» деген тақырыппен берілген.

Бас басылымда «Астананың әуе қақпасы талапқа сай дамытылатын болады» атты мақала жарияланды. Қазіргі күні Астана халық­аралық әуежайы Халық­аралық Азаматтық Авиация Ассо­циациясы - ІІІА санатына ие. Сонымен қатар, кез келген әуе кемесін қабылдап, оларға қызмет көрсете алады. Әр күн сайын еліміздің ішінен және әлемнің әр шалғайынан 80-нен астам ұшақты қабылдайды. Мәскеу, Таш­кент, Новосібір, Омбы, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Крас­ноярск, Киев, Минск, Баку секілді ТМД қалаларымен, сондай-ақ Франкфурт, Вена, Абу-Даби, Ыстам­бұл, Бейжің, Анталия, Үрімші, Шарджа, Лондон, Бангкок секілді шетелдік қалалармен де ұшақтар қатынасы жолға қойылған. 2014 жылы әуежай 2 миллион 960 мың жолаушыға қызмет көрсетіп, 9653 тонна жүк жөнелтті және қабылдады. Әуежайдағы орнатылған қазіргі замандық құралдар диспетчерлерге ұшып келе жатқан кез келген ұшу қондырғысын дәл айқындауға, оларды бақылауға алуға және қажетті қызметтерді көрсетуге, бір сөзбен айтқанда бүкіл әуе қоз­ғалысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдың қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау үшін қажеті мол. Мәселен, әуежай бұрын көру қашықтығы 350 метрден асқан жағдайда ғана ұшақтарға қызмет көрсете алатын. Қазір көру қашықтығы 200 метрден кем болған жағдайдың өзінде ұшақтарды ұшырып-қондыра алады. Тіпті, қатты жаңбыр жауып, боран соққан жағдайда әуе кемесінің қонып-ұшуына жағдай жасай алады.

Алайда, әуежайдың даму мүм­кіндіктері мұнымен де шек­теліп қалмақ емес. Өйткені, ол барынша қарқынды дамып келе жатқан елордамызға қызмет көрсетуде. Демек, әуежай бейнесі мен даму мүмкіндіктері де Сарыарқа төріндегі алтын тәждей жарқыраған Астана әлеуетіне сәйкес болуға тиіс. Міне, осы талапқа сәйкес Елбасының тапсырмасы бойынша Астана халықаралық әуежайын одан әрі дамыту туралы арнайы шешім қабылданған. Осы мақсатқа мемлекет қазынасынан 29 миллиард теңге бөлініп, жаңа терминал салынатын болады. Аталған бағыттағы жұмыс­тар­­­­­­­­ды жүзеге асыратын «Қазақстан те­мір жолы» ҰҚ» АҚ-тың вице-пре­­зиденті Роман Склярдың айтуын­ша, Астана әуежайын дамыту жұ­мыстарының жалпы құны 60 мил­­лиард теңгені қамтиды. Бұл қар­­жының басым бөлігі инвес­­­тор­­­лардың есебінен алынатын бо­лады. ***

«Қай заманда да қай халықтың болсын елдік тарихына қатысты деректер ең алдымен сол ұлттың өз тумасының шығармаларынан ізделетіні белгілі жай. Бұл тұрғыдан келгенде біздің ғылыми қауым қазақтың жыраулар мен ақындар туындыгерлігін тек көркем шығарма деп қана бағалап қоймай, олардың баға жетпес мұраларын белгілі бір дәуірдің елеулі оқиғаларына куәлік ететін куәгерлерінің жәдігерлігі ретінде қабылдауға мүдделі. Осы реттен келгенде XIV-XV ғасырларда өмір кешкен Қыдан тайшы мен Асан қайғы жырларын бұдан 550 жыл бұрын өмірге келген деп есептелетін Қазақ хандығының тірлігінен хабардар ететін көркем сөзбен өрілген баға жетпес деректер көзі деп қабылдаған жөн», - деп жазады «Ана тілі» газеті соңғы санындағы « Қазақ хандығындағы жыраулар мұрасы» атты мақаласында. Осы жайында толық білгілеріңіз келсе, мақаланы оқып шығыңыздар.

Осы газетте «Зерттеуші еңбегі назар аудартады» деген мақала берілген. « Арқалықтағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта белгілі айтыскер ақын, бүгінде ғалым Айбек Қалиевтің жеке ғылыми мектебі құрылған болатын. Ғылыми мектептің негізгі мақсаты - ғылыми ізденушілік қабілеті бар студент жастардың шығармашылығын шыңдау, әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелерді зерттеу.

Мектеп құрылғаннан бері оның мүшелері біраз істің басын қайырды. Торғай өлкесіндегі ақындық мектеп, әлі де игерілмей жатқан жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығы кеңінен зерттеле бастады»,- деп жазады басылым. Осы жылдың басында жас зерттеуші Батырлан Сағынтаевтың «Торғай ақындарының антологиясы» атты ІІІ томдық зерттеу еңбегі шықса, енді жас әдебиеттанушы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының биылғы түлегі Елдос Тоқтарбайдың «Қазақ әдебиеті тарихын­дағы түрме шығармашылығы және эми­грант­тық кезең» атты монографиялық зерттеу еңбегі жарық көрді.

Елдос Тоқтарбай - көпшілік қауымға мерзімді басылым арқылы жақсы таныс жас қалам иесі. Оның тырнақалды прозалық шығармалары және ғылыми зерттеулері, әдеби сын мақалалары түрлі басылымдарда жиі жарияланып жүр. Алты тараудан тұратын монографиялық зерттеу еңбегіне түрмеде жазылған шығармалар арқау болған. Қазақ әдебиеттану ғылымында түрмеде жазылған шығармалар осы күнге дейін кешенді түрде зерттеліп, қолға алынған емес. Бұл зерттеу жұмысы осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында атқарылды.

***

«Экспресс-К» газетінің бүгінгі санында «Улыбнитесь, комбайнеры!» деген материал берілген. Қазақстанда жоғары санаттағы комбайындарға қажеттілікті Петропавлдағы жаңа машинақұрылысы зауыты қамтамасыз етпек. «КАЗТЕХМАШ» машина жасау зауыты» астықты өңірлер үшін еуропалық үлгідегі комбайн және басқа да ауыл шаруашылық техникасын шығарады. Комбайн Ресейдің шекаралас аудандарына, Ауғанстан, Моңғолия, Қытайға экспортталады. Енді Польшаның PRONAR компаниясымен бірлесіп шөп шауып, жинайтын машина мен тырмауыш құрастыру қолға алынды. Қазақстанға жылына 1,5 мың дана жоғары класты комбайн қажет. Жобаны іске қосу бұл қажеттіліктің төрттен бірін толтырады. Алдағы уақытта Ресейдің шекаралас өңірлеріне экспорттаймыз. 2018 жылы комбайндағы отандық бөлшектер 60 пайызға дейін жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, «КАЗТЕХМАШ» зауыты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жаңа индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпірде іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар