Астананың ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуы - Қазақстанның жетістіктерінің танылуы - ҚХР СІМ

«18-19 наурызда Пекинде Р.Жошыбаев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Чэн Гопин және Си Ханшэн, ҚХР СІМ Әкімшілік департаменті директоры Ли Чао, Бейжің қалалық туризмді дамыту комитеті басшысының орынбасары Фан Цзэхуамен кездесулер өткізді», - делінген ақпаратта.
Қытайдың сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, консулдық жұмысының ахуалы, өзара алмасу және туризм мен іскерлік саласындағы байланыстарды жеңілдету үшін визаларды беру рәсімін жетілдіру мәселелері талқыланды.
«Тараптар екі елдің астаналарында дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін жер телімдерін өзара беру туралы келісім жөніндегі келіссөздер процесін жандандыру бойынша уағдаластыққа жетті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тараптар осы саладағы жұмыстан практикалық нәтижелерге жету үшін ұдайы байланысып тұруға уағдаласты.
Сапар күн тәртібінің маңызды тармағы - Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу дайындық мәселесі болды.
Р.Жошыбаев қытайлық тарапқа Астананың кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, аталған көрме «Болашақтың энергия» тақырыбында өтетінін, «жасыл» энергетиканы дамытуға және насихаттауға үлесін қосатынын атап өтті. Қазақстанның ірі іс-шарасын дайындауды ұйымдастыру, соның ішінде баламалы энергетика саласындағы жабдықтар мен технологияларды алу тәжірибесін зерттеуге қызығушылығын білдірді.
«Бейжің қалалық туризмді дамыту комитеті басшысының орынбасары Фан Цзэхуамен кездесу барысында туристік инфрақұрылымды дамытудың және қытайлық өкіметтің елдің туристік бағыты ретінде қызықтыратын бейнесін құру үшін заңнамалық шаралардың практикалық аспектілері қарастырылды. Сонымен қатар, халықаралық іс-шараларды өткізуді дайындау жұмысы барысында Қытайдың маркетингті және ақпараттық-имидждік ресурстарын дамытудағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытылды», - делінген ведомствоның ақпаратында.
Қытайлық тарап Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуымен құттықтап, бұл Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту саласындағы жетістіктердің танылуы екенін атап өтті.