Астананың EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге мол мүмкіндіктері бар - ХКБ Бас хатшысы

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанға ресми сапармен келген Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Астананың EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге мол мүмкіндіктері бар деп есептейді.
None
None

«Меніңше Астананың EXPO-2017 көрмесін өткізуге мол мүмкіншіліктері бар», - деп атап өтті Бас хатшы баспасөз мәслихатында.

«2017 жыл Астана үшін ерекше жыл. Қала өзінің 20 жылдығын тойлайтын болады. Бұл елорданың мүмкіндігін жоғарылататын тағы бір үлкен себептердің бірі», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу бойынша дайындаған досьесі бюроға мүше мемлекеттерге 2012 жылдың наурыз айында ұсынылмақ. Ал соңғы шешім сол жылдың қараша айында ХКБ-ның штаб пәтері Парижде қабылданады.

«Мен осы сапарымның барысында Қазақстан басшылығы дайындаған негізгі досьемен танысып, оның жоғары деңгейде жасалғанына көз жеткіздім», - деді ол.

Қазіргі уақытта көрмені өз жерлерінде өткізуге ұсыныс тастаған тек Астана және Бельгияның Льеж қаласы болып отыр. Бірер күндерден кейін, ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталады. Соған қарағанда, EXPO халықаралық көрмесін 2017 жылы Астана немесе Льеж қалалары өткізеді.

Соңғы жаңалықтар