Астананың гүлденуінде менің де үлесім бар - Геннадий Осиненко

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Серіктестік жетекшісі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Геннадий Осиненконың айтуынша, өзі басшылық жасап отырған ұжым елорданың сәулеті мен келбетінің артуына өзіндік үлес қосуда. Бұл ретте Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының алдын қайта жарақтау, гүлзарлар мен айналасын абаттандыру ісін айтулы ұжым мойнына алып, ойдағыдай атқарып отыр. Геннадий Вениаминович 70-ші жылы студенттік шағын өткізген қаланың жеті көшесі мен бес гүлзарын, бірқатар алаңдарын көркейту шараларына атсалысуда. Атап өтерлігі, Астананың көшелері мен демалыс алаңдарында отырғызылған гүлдердің басым бөлігі серіктестік жылыжайынан алынған. Ұжым жетекшісінің айтуынша, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.