Астананың ішкі өңірлік өнімі 2 триллион теңгені құрады - ҚР Президенті

  АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, Астананың ішкі өңірлік өнімі 2 триллион теңге немесе бір азаматқа 18 мың долларды құрады.
None
None

Бүгін елордада Астананы одан әрі дамыту бойынша өтіп жатқан кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бұл - өте үлкен деңгей. Ал жалпы еліміз бойынша елорда бағындырып отырған бұл деңгейге тек 2015-2020 жылдары ғана қол жеткізілетін болады», - дейді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, елорданың өнеркәсіптік өндірісі 4 есеге, ал негізгі капиталға инвестиция 3 есеге артты. Тек былтырғы жылдың өзінде ғана жарты миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Экономиканың белсенді жұртшылығының 40 пайызы айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерімен 900 миллиард теңгеге жуық өнім өндірілді.

«Астананы сала жүріп, біз тек құрылысқа ғана қаржы құйып қойғанымыз жоқ, жалпы республиканың өнеркәсіп өнімінің артуына, жалпы ішкі өнімнің өсуіне септігін тигізетін нысандарды да қолданысқа енгіздік. Яғни, бұның өзі салынған қаражаттың қайтарымы тиімді әрі нақты екендігін білдіреді», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар