Астананың құрылыс компаниялары мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 20 отбасыға пәтер сыйлады

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы әкімдігінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аз қамтамасыз етілген 20 отбасыға пәтер кілттерін тапсыру іс-шарасы өтті.

Баспаналарды 17 құрылыс компаниясы мен бір жеке тұлға ұсынды. Аталған жанұялар Мемлекеттік қордан баспана алу кезегіне жуырда ғана тұрғандықтан, тұрғын жайды жақын арада алуға үмітті емес еді. «Шар-Құрылыс» ЖШС-ның директоры Жанна Бектемірова қан сырқатының ауыр түрімен ауыратын балалары бар отбасыларға осымен екінші рет қолұшын беріп отыр. Бұл жолы, «Шар-Құрылыс» компаниясы салған «Ертегі әлемі» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің біріне өзінің Динара есімді қызымен Ақмарал Көтшібаева қоныстанатын болады. «Сөзсіз, еліміз тәуелсіздігінің жетістіктерін үлкен экономикалық жетістіктермен өлшеуге болады. Дегенмен, ең бастысы - адамдар, олардың жақсы әлеуметтік жағдайы мен болашағына деген сенімі. Еліміз Президенті Н.Ә.Назарбаев 20 жыл бұрын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңға қол қоя отырып, экономикалық дамуға ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік әділеттікке нақты бағыт алды», - деді акция барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар
telegram