13:31, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Астананың педагогикалық колледжі жабылмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың педагогикалық колледжі жабылмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордалық педагогикалық колледж жергілікті әкімдіктің қарамағына кіреді. Дегенмен бізге оның жабылатындығы туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ. Олар ең алдымен бізге хат жолдауы тиіс», - деді вице-министр БАҚ өкілдерінің колледжге қатысты сауалына орай.
Сонымен қатар Суханбердиева аталған колледжді жекеменшікке беру туралы да ешқандай ақпараттың жоқтығын баса айтты.
«Бүгін әкімдіктен нақты мәліметтер сұрастырып білетін боламын. Бірақ, бізде мұндай ақпарат жоқ», - деді ол.