Астананың шет аудандарында жолдар жөнделе бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі қала маңындағы жолдарды жөндеуге кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астананың шет аудандарында жолдар жөнделе бастады

«Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен, қала маңын дамыту бағдарламасы аясында «Сарыарқа» ауданындағы Көктал 1, 2 және Өндіріс (лесозавод, кирпичный) тұрғын алқаптарында жолдарды асфальттау жұмыстары басталды. Жұмыс жоспарына Өндіріс ауданының 18 көшесі және Көктал 1 ауданының 14 көшесі енді», - деп хабарлады «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі өзінің парақшасында.

«Бүгінгі таңда Шет, Жолымбет, Көксеңгір, Құлтума ақын, Базарлық, Таңжарық, Ақтолқын, Қаражорға, Ерзакович көшелерінде жұмыстар басталды», - деді А.Тұрлыбек.