Астананың тұрақты тұрғындары 24 мыңға артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астана тұрғындарының саны артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлмира Әлиайдарқызы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Заңнама күшіне енгеннен бері Астанада бүгінде 73 105 азамат тіркелген, оның ішінде тұрақты тіркелгені - 24 109, ал уақытша тіркелгендер - 48 996. Алматы қаласына тоқталатын болсақ, жалпы 94 416 адам тіркеліп, соның 23 106-і тұрақты тіркелгендер, 71 310-ы уақытша тіркеуге тұрғандар», - Г. Әлиайдарқызы.
Өз кезегінде ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов жалпы биылғы қаңтар айындағы екі аптаның ішінде Қазақстан бойынша 250 мың адам уақытша тіркеуден өтті.
«Бұл ретте пәтер иелері де, жалға алушылар бұл заңнама тәртіптеріне түсіністікпен қарап, тиісті қадамдарды жасап отыр», - деді департамент басшысы.