Астананың жаңа аквапаркі қандай болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясы аясында қалада салынатын жаңа аквапарк пен сауда, ойын-сауық орталығының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Сити Палас» деп аталатын көпбейінді сауда ойын-сауық орталығының құрылысы қаланың оң жағалауында салынып жатқанына біраз уақыт болды. Ғимарат Республика даңғылы мен А.Иманов көшесінің қиылысында орналасқан. Тағы бір жаңа орталық «Нұр жол» бульварының бойында болады. Ол - «Керуен-2» сауда, ойын-сауық орталығы.

Ал жаңа аквапарктің құрылысы Қазақ елі алаңы ауданында жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан сессияда елордада салынатын өзге де нысандардың жобасы ұсынылған.

ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясына қауымдастыққа мүше 28 қаланың 100-ге жуық өкілі, 5 халықаралық бірлестік пен 7 ғылыми және сараптамалық ұйымның өкілдері қатысуда. Шара барысында қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер жағдайында қаланың кешенді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша инновациялық шешімдерді іздестіруге арналған.

Айта кетейік, бұл қауымдастық  1998 жылдың 3 қыркүйегінде ТМД-ның 9 мемлекетінің 19 ірі қалалары әкімшіліктерінің бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде қауымдастыққа ТМД-ның 9 елінің 87 қаласы, оның ішінде Қазақстанның 9 қаласы кіреді.

Соңғы жаңалықтар