Астананың жаңа бас имамы тағайындалды

Наурызбай Тағанұлы Өтпенов 1997 жылы Ташкенттегі «имам әл-Бұхари» атындағы Ислам институтын бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінде имамдық қызмет атқарған.
1998-2000 жылдары ҚМДБ жанындағы екі жылдық Ислам институтында білімін жетілдірген.
2001-2006 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының бас имамы, Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;
2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы;
2011 жылдың сәуір-қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;
2013 жылдың 3 сәуірінде - Астана қаласының «Нұр Астана» мешітінің наиб иамамы болып тағайындалды;
2013 жылдың 20 қыркүйегінен бастап - Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша аймақтық имамы.