Астық экспорттауға шектеу енгізілуі мүмкін бе – министрлік жауабы

Қандай жағдайда астық экспортына шектеу қойылады Ауыл шаруашылығы қандай жағдайда астық экспортына шектеу қойылуы мүмкін екендігін атады, деп хабарлайды Kazinform. 

Астық экспорттауға шектеу енгізілуі мүмкін бе – министрлік жауабы
Фото: gov.kz

«Биылғы бидайдың жиыны шамамен 11,3 млн тонна болады деп жоспарланған. Былтырғы жиыннан қалған 3,5 млн тонна жоғары сапалы астықты есептегенде астық қоры еліміздің ішкі сұранысын толығымен қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның атап өтуінше, әдетте экспортта жоғары сапалы астық сұранысқа ие. Ал осы жылдағы қолайсыз ауа райының жағдайына байланысты жиналған егіннің елеулі бөлігі мал азықтық астық болып келеді.

«Сондықтан экспортқа жіберу көлемі былтырғы көрсеткіштерден аздау болатыны анық. Елдегі астық қорларының көлеміне және сапалық құрамына, ішкі тұтынылу, импорт пен экспортқа ай сайын тұрақты мониторинг жүргізіліп отырады. Егер мониторинг нәтижесінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп-қатер тәуекелдері анықталса, астықты экспорттауға шектеу қойылуы мүмкін. Қазірге ондау қауіп көрініп тұрған жоқ», - деді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар