Астрахан ауданында «Жол картасы» бойынша 131,5 миллион теңге игерілді
қызметі көрсетілді.
Аудан әкімі Рәшит Әкімовтың айтуынша, биылғы жылы коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын нығайту ісіне, ауыларалық жолдарды ретке келтіруге, басқа да бірқатар әлеуметтік нысандарда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына басымдық берілген. Нәтижесінде Астрахан және Зеленое ауылдарында су құбырлары жаңартылып, суағарлар ретке келтірді. Осы мақсатқа 111 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалып, барлық іс-шараларды «Компания Нұройқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дер мерзімде, сапалы атқарып шыққан. Оның сыртында «СК Асулар» серіктестігі Зеленое ауылының электр желісіне жөндеу жүргізді. «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті маңыздағы жолдарды қалпына келтірді. Сондай-ақ бағдарламаға сәйкес әлеуметтік жаңа жұмыс орындарын ашу ісіне 1,5 миллион теңге, жастар тәжірибесіне 1,4 миллион теңге қаржы жаратылды.