Астраханьда Құрманғазының 190 жылдығына арналған халықаралық шаралар өтеді

АЛМАТЫ. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейдің Астрахань қаласы мен Володар ауданындағы Алтынжар ауылында 30-31 мамыр күндері әйгілі күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 190 жыл толуына орай халықаралық мерекелік іс-шара өтеді.
None
None

Ол Құрманғазының Астрахань қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталады. Одан кейін Астрахань облысы губернаторы А.Жилкиннің қатысуымен салтанатты жиналыс болып, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi мен Астрахань облыстық губернаторы ансамблінің концерті өтеді.

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, «Жолдастық» Астрахань аймақтық қоғамдық қазақ мәдени ұйымының төрағасы Ахмет Жаркеновтың сөзіне қарағанда, қазақстандық делегацияны Астрахань облысы губернаторы арнайы қабылдамақ. Сондай-ақ жексенбіде Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы өлкелік мәдени орталық пен мұражайды аралап, күйші кесенесіне тағзым етіп, арнайы жайылған асқа қатынасады деп жоспарлануда. Мерекелік шара кезінде бағдарлама бойынша делегаттарға қаланың көрікті жерлерін аралап, Еділ өзенінде теплоходпен серуен құруға да мүмкіндік берілмек.

Соңғы жаңалықтар