Астрахань маңынан үш құйрығы бар мысық табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астрахань облысы Ахтубинск қаласының тұрғыны Светлана Бирилюк You Tube желісіндегі каналына үш құйрығы бар мысықтың видеосын жариялады.

Астрахань маңынан үш құйрығы бар мысық табылды

Уақыты бір минуттан асатын роликте әйел мысықты шақырып жатыр. Мысық жақындағанда оның үш құйрығы бар екенін байқауға болады.

"Сенбейсіздер, алайда мысықтың үш құйрығы бар. Олар қозғалады", - дейді кадрдан тыс бұған таңданған видеоролик авторы.

Үш құйрығы бар мысық бейнеленген видео кең тарап, бір күннің ішінде бірнеше мыңнан астам қаралды, деп жазды rg.ru басылымы.