Астраханда полицейлерге шабуыл жасап, өлтірді деген күдіктілердің көзі жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 сәуір күні арнайы операция барысында РФ Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының екі қызметкерін атқан және бейсенбіге қараған түні Астрахандағы Ресей гвардиясы қызметкерлеріне шабуыл жасаған қылмыскерлердің көзі жойылды. 
None
None

 Бұл туралы ТАСС агенттігіне Астрахан облысы бойынша Ресей гвардиясы басқармасы хабарлады.

"Оларды біздің қызметкерлер қоршап алды және арнайы операция барысында өлтірді. Осылайша,  төрт қылмыскердің де көздері жойылды», - деді басқармадағылар.

Облыстық ІІМ басқармасының деректеріне сүйенсек, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні жергілікті уақытпен шамамен 01:40-та іздеу шаралары барысында автокөлікті тоқтатқан кезде Ресей гвардиясының қызметкерлеріне белгісіз біреулер оқ атқан. Үш полицей жараланды, оның бірі ауыр халде жатыр. Қарсы оқ ату кезінде шабуыл жасаушылардың бірі мерт болып, тағы біреуі жарақат алды. Болжам бойынша, бұл шабуылды сейсенбі күні полицейлерге оқ атқан күдіктілер жасаған.

Астрахан облысының билігі қаза тапқан полицейлердің отбасына бір миллион рубль көлемінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, өңір басшысы Александр Жилкин Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының қызметкерлерін өлтіруге радикалды вахабшылардың қатысы бар екенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар