Астықты жаңа элеватор қабылдады - Павлодар

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Арго» ЖШС салған сыйымдылығы 30 мың тонналық толық автоматтандырылған кешеннің ашылуына аймақ басшысы Ерлан Арын қатысты. Әкім оның облыста импорттық жабдықтары бар, компьютер арқылы басқарылатын бірінші астық қоймасы екенін атап өтті. Оған астықты мамандандырылған вагондар мен автокөліктермен қабылдап, жіберетін теміржол тарамы мен көлік жолы апарылған. Қала үшін жаңа агронысанда ашылған жаңа жұмыс орындары да маңызды.
Құрылысына 850 млн. теңге жұмсаған «Арго» элеваторды өз мүдделері үшін салды - ол серіктестік өсіретін астықты сақтауға және жеке ұн тарту кәсіпорнында сапалы ұнды шығаруға мүмкіндік береді. Кешеннің облыстағы басқа шаруашылықтардың бидайы мен күнбағысын сақтай алу мүмкіндіктері де бар.