Асу Алмабаев экс-чемпион Мореномен Мексикада күш сынасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC аясында супержекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Асу Алмабаев узнал детали о своем бое с экс-чемпионом UFC
Фото: UFC

Ресми ақпаратқа сәйкес, ең жеңіл салмақта UFC рейтингінде жетінші орында тұрған Алмабаев келесі жекпе-жегін 2026 жылғы 28 ақпанда өткізеді.

Оның қарсыласы — ең жеңіл салмақта рейтингтің төртінші сатысындағы, UFC-дің бұрынғы чемпионы, мексикалық Брэндон Морено. Морено мен Алмабаев арасындағы айқас UFC Fight Night 269 турнирінің басты оқиғасы болады және ол Мексикада өтеді.

Айта кетейік, Алмабаев бұған дейін де UFC турнирлерінде басты жекпе-жекке шыққан. Атап айтқанда, UFC Fight Night 253 турнирінде ол португалиялық Манел Капемен кездесіп, сол жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіліс тапқан еді.

Егер Алмабаев Мореноны жеңсе, оның алдында UFC чемпионы атағына таласу мүмкіндігі ашылады. Қазіргі таңда ең жеңіл салмақтағы UFC чемпионы — Мьянмадан шыққан (АҚШ-та тұрады) Джошуа Ван.

Сондай-ақ, 2025 жылдың қараша айында Алмабаев Қатарда өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Алекс Пересті мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар