08:48, 02 Наурыз 2025 | GMT +5
Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2-0) UFC-де алғаш рет жеңіліс тапты.

Қазақстандық спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегінде португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) айқасты.
Бес раундқа жоспарланған айқас, үшінші раундтың ортасында аяқталды. Асу қарсыластың ауыр соққысына төтеп бере алмай, октагонды айнала жүгірді. Осы кезде, төреші жекпе-жек аяқталды деп жариялады.
Осылайша, қазақстандық файтер UFC-дегі бесінші жекпе-жегін сәтсіз аяқтады. Ол осыған дейін қатарынан төрт рет жеңіске жеткен болатын.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 30 жастағы Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингісінде 8-шы орында, ал 31 жастағы португалиялық 6-шы орында тұрған еді.