Асу Алмабаев UFC турниріндегі кезекті айқасын өткізу үшін Қатарға келді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық ММА жауынгері Асу Алмабаев Қатарда өтетін UFC турнирі өтетін жерге келді. 

Асу
Фото: instagram.com/ufc

Prosports.kz спорттық порталының мәліметінше, осы турнир аясында қазақстандық файтер (22-3, UFC: 5-1) бұрынғы чемпиондық атаққа үміткер, америкалық Алекс Переспен (25-9, UFC: 7-5) октагонға шығады. 

Сонымен қатар Асумен бірге турнирге UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы Александр Топурия да келген. 

Кейінгі жекпе-жегінде отандасымыз Хосе Очоаны сенімді түрде жеңген еді. Ал оның алдағы қарсыласы Алекс Перес бұған дейінгі айқасында жапониялық Тацуро Таираға техникалық нокаутпен есе жіберген болатын. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар