Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері 1 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турниріне қатысады. 

асу алмабаев
Фото: UFC/Instagram

Отандасымыз аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы darteam.kazakhstan командасы хабарлады. 

- Біздің @darteam.Kazakhstan командамыздың жауынгері Асу Алмабаева наурыз айында UFC турнирінде Аустралиядан шыққан бұрынғы UFC титулына үміткер Стив Эрцегке қарсы жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлады. 

Стив Эрцег жеңілірек салмақта чемпиондық атақ үшін шайқасқан. Басты жекпе-жекте бразилиялық Алешандре Пантожаға есе жіберген. UFC рейтингінде қазір 9-орында тұр. Асу болса 7-орында келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар