Ат спортынан қазақстандықтар Ташкентте өткен ірі турнирлерде сәтті өнер көрсетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасында конкур бойынша Maxima Masters Еуразия турнирінің командалық сериясы мен әлем кубогының кезеңдері өтті. 

Ат спортынан қазақстандықтар Ташкентте өткен ірі турнирлерде сәтті өнер көрсетті
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл спорттық сайыста Қазақстанның атынан алты спортшы бақ сынады. 

Отандастарымыз төмендегідей нәтиже көрсетті:

– Ксения Баталова – әртүрлі биіктіктегі кедергілер бойынша үш күміс медаль (120 см, 160 см, 140 см);

– Олег Соболенко – бір күміс (125 см), сондай-ақ командалық жарыста қола жүлде;

– Нұрила Тұрысбекова – бір күміс (130 см), екі қола (130 см және командалық жарыста);

– Даяна Онаева – командалық жарыста қола медаль;

– Бекжан Байжанұлы – бір күміс (130 см), бір қола (командалық жарыста).

Ташкенттегі жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан барлығы 43 спортшы қатысты. Еуразиялық лига күнтізбесіне енген бұл кезең халықаралық маусым үшін аса маңызды саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Канадада өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар