Ат жарысы Астана күніне арналды

ЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Кеше Алматы облыстық Ат спорты федерациясы Астана күні мерекесіне орай Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» атшабарын тұлпарлар тұяғының дүбіріне бөледі, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Ұлттық ат спорты додасына еліміздің 11 облысы мен қаласынан, сонымен қатар Қырғызстан мен Ресейден де сәйгүліктер қатыстырылды. Бәйге «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында «Тәуелсіздіктің бойтұмары - әсем Астана» деген ұранмен ұйымдастырылды.

Бұл күні ат құлағында ойнайтын шабандоздар қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ сияқты ұлттық ойындардың көрігін қыздырды.

25 шақырымдық аламан бәйгеде Қарасай ауданының Покер есімді торы қасқа аты өзгелерді шаң қаптырып, бас бәйгеге тігілген «Джип» автокөлігін ұтып алды. Сол сияқты 15 шақырымдық топ бәйгеде Шығыс Қазақстанның Ізбасары топ жарса, Қарасай ауданынан қосылған Сәйгүлік құнан бәйгеде 11 шақырымды басқалардан бұрын бағындырды. Жорға жарыстың бас жүлдесі Жамбыл облысынан қатысқан Тахмина есімді жүйрікке бұйырды.

Жалпы бұл күні бәйгеге 8 темір тұлпар тігілді.

Соңғы жаңалықтар