11:19, 23 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам адам тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM - «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам пайдаланушы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында тіркелген.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
Еске сала кетейік, бұл орталықтар өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. Бағдарламаның басты басымдығы — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.