Ата-ананың баласына жасаған дұғасы қабыл болады - Бас мүфти (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығында болды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бас мүфти орталық жұмысымен танысып, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірді.

«Адам жақсылыққа ұмтылса, мақсатына жетеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кім нені ниет етсе, соған жетеді», - деген. Ауруды жаратқан Алла шипасын да береді. Бұл орталықтан еліміздің игілігі үшін қызмет ететін асыл азаматтар мен азаматшалар шығатынына сенімдімін. Дұға - мұсылманның қорғаны. Ата-ананың баласына жасаған дұғасы қабыл болады», - деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма тарапынан «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығында қайырымдылық шаралар жиі өткізіліп тұратынын атап өтті.

Қазір бұл орталықта еліміздің әр аймағынан келген жүйке жүйесі мен психикасы зақымданған 100-ге жуық бүлдіршін емделуде.

Сонымен қатар, бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Әуезханұлы Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында қайырымдылық шарасын өткізді. Бас имамның бастамасымен болашақта осы орталықта сенбіліктер, игі шаралар, қайырымдылық акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

Соңғы жаңалықтар