Ата-анасымен, құрбыларымен, мұғалімдерімен ұрысып қалу - еліміздегі суицидтердің басты себептері

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері 34 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» РМК директоры Сағат Алтынбеков мәлімдеді.
None
None

2013 жылғы деректер бойынша, елімізде 3506 адам өзіне-өзі қол жұмсаған. Олардың ішінде 292 оқиға кәмелетке толмағандар арасында болды. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 3124-ті құрады. Олардың ішінде 192 оқиға кәмелет жасқа толмағандар арасында орын алды. Осылайша, жалпы тұрғындар арасында суицид 10,9 пайызға, ал кәмелетке толмағандар арасында 34,2 пайызға төмендеген.

«Біз өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің себептеріне талдау жасадық. Зерттеу жұмыстары барысында адамдардың негізінен суицидке күйзеліске төзе алмай қалғандықтан баратындығы анықталды. Ал күйзеліске төзімілік қабілеті психологиялық және психикалық жағдайының нашарлауы салдарынан пайда болады. Өзіне-өзі қол жұмсағандардың 90 пайызы оған дейін психикалық күйзеліске түскен. Өзіне-өзі қол жұмсаудың тағы бірқатар себептері бар. Олар - ата-анасымен, құрбыларымен, мұғалімдермен ұрысып қалу және, әрине, жауапсыз махаббат», - деді С. Алтынбеков.

Аталмыш орталықтың ғылыми қызметкері, Сергей Скляр өз кезегінде 2014 жылы өзіне қол жұмсаудың жалпы еліміз бойынша (100 мың адамға 18) азайғандығын жеткізді.

«2014 жылы кәмелет жасына толмағандар арасында 117 ұл мен 75 қыз бала өзіне-өзі қол жұмсауға барған. Суицидтік әрекеттер көбінесе Алматы, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алады», - деді С. Скляр.

Соңғы жаңалықтар