12:56, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Ата-бабаларымыз ұстанған хақ дінімізді түрлі ағымдармен бөлшектеп, елді адастыруға жол бермеуіміз керек - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Ата-бабаларымыз ұстанған хақ дінімізді түрлі ағымдармен бөлшектеп, елді адастыруға жол бермеуіміз керек, деп атап өтті бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесуі барысында Елбасы Н.Назарбаев.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде жазды.
Сондай-ақ Президент еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екендігін айтып өтті.
«Хақ дініміз - ислам» өсіп, өркен жая берсін, деп аяқтады сөзін Н.Назарбаев.