Ата тарихын, ана тілі мен түп тамырын білмей тұрып, нағыз патриот болу мүмкін емес - Н. Назарбаев

АНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ата тарихын, ана тілін, түп тамырын білмей тұрып, нағыз патриот болу мүмкін емес. Бүгін елордада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIIІ съезінде партия Төрағасы, ҚР Президенті Н. Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Бүгінгі партиялық форум мінбесінен біздің балаларымызға былай деп үндегім келеді: Әрине, маған адам ретінде жастардың ерекше қолдауы аса қуантады. Біз шынында да жастардың болашағы үшін үлкен шаралар атқардық. Сіздердің көпшілігіңіз Тәуелсіздік жылдары өстіңіздер. Тәуелсіздіктің құрдастары 2020 жылы 30-ға толады. Сіздер басқа өмірді көрген жоқсыздар, бірақ сіздер Тәуелсіздік пен біздің жетістіктеріміздің оңай келмегенін білуге тиіссіздер. Бізге осы жолда, мемлекет құрып, экономиканы көтеруде, халық үшін жақсы ахуал қалыптастыруда адам айтқысыз қиындықтарды еңсеруге тура келді», - деді Президент.

«Патриот болу дегеніміз өз Отанын шынайы сүюді білдіреді. Өзіне, өз халқына сену, Отанға қызмет ету. Ал ата тарихын, ана тілі мен түп тамырын, тегін білмей тұрып, нағыз патриот болу мүмкін емес. Бізді өз істеріңізбен қуанта беріңіздер, құрметті достар!», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар