Ата заңымыз әлемдік дағдарыс кезінде де қоғамымыздың тұрақтылығының кепілі болды - Н.Назарбаев

АНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -«Қазақстан бүгінде өзіне жүктелген міндеттерге аса үлкен жауапкершілікпен қарай білетін, сол арқылы өзгелердің үлкен сый-құрметіне бөленген әріптес ел. Ол Орталық Азиядағы белді мемлекет.  
None
None

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Мен біздің елімізге жүктелген осы бір абыройлы міндетті лайықты атқаратынымызға сенімдімін», деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күні мерекесіне арналған әскери шеруді қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде.

 «Біздің Конституциямыздың құндылықтарының қаншалықты бағалы екендігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Ата заңымыз әлемдік дағдарыс кезінде де қоғамымыздың тұрақтылығының кепілі болып отыр. Біздің экономикамыз осы жаһандық деңгейде орын алған жағымсыз құбылысқа төтеп бере алды. Осындай қиын-қыстау жағдайға қарамастан мемлекет еліміздегі әрбір ауылға, әрбір қазақстандық отбасына демеу бола білді. Біз шағын және орта бизнесті қолдап,  құрылыс индустриясы мен жетекші банктерге қол ұшын создық. Елдегі инновациялық жобаларға өте ірі көлемде инвестициялар бөлінді», деді Мемлекет басшысы.

 Президенттің айтуынша, біз қазір экономикалық дамудың жаңа сапасына қол жеткізіп, барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының мейлінше жоғары болуын қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізуіміз керек. Осының барлығы да Ата заңымыздың халық үшін жасалғандығының және оның халық үшін қызмет етіп келе жатқандығының көрінісі. «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен қоғамның беріктігін қамтамасыз етті. Сондықтан да біздің барлығымыздың басты, әрі ортақ міндетіміз - Ата заңымызға құрметпен қарап, оны Отанымыздай, тарихымыздай қадір тұтып, қастерлей білуіміз керек», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар