Атақты күлдіргі Чарли Чаплиннің алғашқы мұражайы Швейцарияда ашылады

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Атақты күлдіргі Чарли Чаплиннің Швейцариядағы соңғы баспанасы - актер өзінің соңғы 20 жылдық бақытты өмірін өткізген Corsier-sur-Vevey үйі оның талантына табынушылардың сүйікті мекеніне айналуы мүмкін - Чаплиннің мұражайы ашылмақшы,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат AP сайтына сілтеме жасап.

Мұражайды ашу бұдан 10 жыл бұрын жоспарланған болатын, алайда көршілер мен жергілікті билік туристтердің легінен қауіптеніп, қарсылық танытып келді. Солай болғанымен, жақын маңда орналасқан Nestle шоколад фабрикасы қол ұшын беретін болып, 50 млн долларға бағаланған жобаны мақұлдады.

Чаплиннің ұлдарының бірі - 63 жастағы Майкл барлық жұмыстардың екі жыл ішінде аяқталатынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум