«Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС алты айда 48 тонна балық өнімдерін өңдеп шығарды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданындағы «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-і биылғы жылдың 6 айында 48 тонна балық өнімдерін өңдеп шығарды. Зауыт 2009 жылдың қаңтар айынан «Атамекен - Холдинг» қаржы-өнеркәсіп тобының қолдауымен өз жұмысын бастаған болатын. Ол еуростандартқа сәйкес жабдықталған. Зауытта 49 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ серіктестік Ресей мемлекетінің дайын өнім алушыларымен келісімшартқа отырып, балық өнімдерін сатуға шығарды.
None
None

Зауыт толық қуатында жұмыс істегенде 8 000 тонна балық шикізаты керек болады. Сол себепті Атыраудағы табиғат пайдаланушылармен балық сатып алуға келісімшарт жасалды. Алдағы уақытта мекеме тауарлы балық өсіріп, өңдеумен де айналыспақшы. Тендерге түсіп Лайкөл көлін алды. Теңіз жағасына флоттар, тоңазытқыштар қойылып, балықшыларға жатақханалар салынып, балық аулауларына жағдай жасалынды. Зертхана мемлекеттік стандарттарға сәйкес қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар