«Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы филиалы мен облыстық білім басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

АҚТӨБЕ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін облыстық әкімдікте «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы филиалы мен Ақтөбе облыстық білім басқармасы арасында техникалық және кәсіби білім беру және кадрлар даярлау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шараға кәсіптік-техникалық білім саласы өкілдері, колледждердің, кәсіптік-техникалық лицейлердің басшылары шақырылды. Ынтымақтастық туралы меморандумға «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы облыстық филиалының директоры Асқар Садықов пен облыстық білім басқармасының бастығы Амангелді Құдайбергенов қол қойды.Амангелді Құдайбергеновтің атап өткеніндей, меморандум аймақтық еңбек нарығын техникалық және қызмет көрсету кадрларымен қамтамасыз ету жұмысын үйлестіру мақсатын көздейді. Тараптар кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттырумен байланысты проблемаларды шешуде өздерінің әлеуетін біріктіруге өзара ұмтылып отырғанын білдірді. Меморандум жұмыс берушілердің тапсырысымен жастарды нақты жұмыс орындарына оқытуды көздейді, бұл шараға «Атамекен» одағы» тиісті қолдау көрсетіп отырмақ.
Соңғы жаңалықтар