«Атамекен» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кәсіпкерлер хартиясын қабылдамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кәсіпкерлер хартиясының жобасын әзірледі. Бұл туралы бүгін аталған палата басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, хартия жобасын палата мен бизнес қауымдастық өкілдері бірлесіп әзірлеген. Оны дайындау барысында қазақстандық және шетелдік тәжірибеге сараптама жүргізіліп, халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелер негізге алынған.

«Хартия негізінде корпоративті басқару, кәсіпкерлік әдеп, сатып алудың үздік тәжірибесі сынды үш салалық кодекті, инсайдерлік ақпаратты, корпоративтік басқару диагностикасын, қауіп- қатерлерді басқаруды қамтитын 22 салалық саясат пен үлгіні қабылдауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, аталған хартия Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарын әзірлеудегі базалық құжат болмақ.

«Біз бұл хартияны ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында қабылдауды мақсат етіп отырмыз. Ал мерзімге үлгермеген жағдайда осы жылдың соңына дейін қабылданатындығы анық», - деді Р.Жүрсінов.

Соңғы жаңалықтар