«Атамекен» ҰКП қолдауымен былтыр 1600 жаңа кәсіпорын ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП қолдауымен былтыр 1600 жаңа кәсіпорын ашылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдеріне 30 мыңнан астам қызмет көрсеткен. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен екі есе көп болып отыр.

«Соның арқасында біз 1600 жаңа кәсіпорынның ашылуына қолдау жасадық. 2800 кәсіпкерлік субъектісі банктерден қаржы алды. 3600 кәсіпкерге жобаларын толықтай жүргізіп бердік. Осының арқасында олар өз жобаларына 30 млрд. теңге қаржы тартты», - деп атап өтті Т.Шотанов.

ҰКП төрағасы орынбасарының хабарлауынша, қызмет көрсету мақсаттарына 5 жылдық мерзімге 1,6 млрд. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар