«Атамекен» ҰКП президиумының жаңа төрағасы сайланды

АСТАНА. KAZINFORM -    «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде палата президиумының жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметті 2025 жылдың қыркүйегінде ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылған Қанат Шарлапаев атқаратын болды.          

Қанат Шарлапаев
Фото: «Самұрық-Қазына» АҚ

2022 жылдан бері палата президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келді.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары - «Сити» инвестбанк акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары – «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары - Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары - Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары – «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

Үйленген, 3 баланың әкесі.

2022 жылғы 2 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Банк саласында 17 жыл жұмыс өтілі бар.

2023 жылы 3 қыркүйекте Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

2025 жылдың қаңтарында Қазақстанның регби федерациясының президенті қызметіне тағайындалды.

2025 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар