Атбасар түрмесіндегі азаптау: Департамент бастығы қызметінен шеттетілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында түрмедегі азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметінен шеттетіліп, 11 қызметкер жұмысынан айырылмақ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспаөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемеде болған оқиға туралы видео жөнінде мынаны хабарлаймыз. Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау фактісі бойынша арнайы құрал пайдалану кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдалану белгілері байқалады.Жүргізілген қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия шешімімен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқарып отырған лауазымынан шеттеуге ұсынылды

, - делінген ресми мәліметте.

Сонымен бірге заң бұзуға қатысы бар 11 қызметкер жағымсыз әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан қуу ұсынылған.
Қазір прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу жүрзігіп жатыр

, - деп жазады комиеттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға күш қолданғаны туралы видео тараған болатын.

Прокуратура да аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын бұған дейін жазған едік.
Соңғы жаңалықтар
telegram