Атбасар және Егіндікөл аудандарының егіншілері көктемгі егіс жұмыстарын аяқтады - Ақмола облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сілтеме жасап.
Басқарма бастығы Серік Жамбеталлиннің айтуынша, бүгінгі күні жоспарлы 4 миллион 569,4 мың гектар егіс алқабының 96 пайызында негізгі дақыл - бидай тұқымын себу жұмыстары тәмамдалып қалған. Маусымдық маңызды агрономиялық іс-шараны Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Жақсы, Сандықтау аудандарының механизаторлары жоғары қарқынмен әрі сапалы атқаруда. Биылғы жылы сатып алу бағасының өсуіне орай майлы дақыл алқабы 127 123 гектарға, картоп плантациясы 18 341 гектарға, көкөніс 4229,7 гектарға орналастырылатын болады. Бұл жұмыстарға барлық санаттағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 16 634 трактор, 17502 себу агрегаттары, оның ішінде 643 себу кешені, 283 арамшөпті химиялық жолмен отау жабдығы, 806 тұқым тасымалдау техникасы жұмылдырылған.