Атбасардағы судың деңгейі төмендейді - вице-министр Ильин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір аптаның ішінде Жабай өзеніндегі судың деңгейі төмендейді деген болжам бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, бұған дейін Атбасарға жақын Жабай өзенінде судың ең қатты тасуы үш жыл бұрын болған. Сол кезде секундына 4,25 текше метр су өткен. Биыл аталған көрсеткіш секундына 5,60 текше метрге жеткен. "Соның салдарынан демалыс күндері Атбасар маңындағы су тоғаны бұзылды. Су жайылып, 200 үйге кірген. Мектеп те судың астында қалды. Ол жерде сабақ тоқтатылды. Негізі, су тасқының басты себебі - қардың жылдам еруі. Соның суы Жабай өзеніне құйылып, Атбасар кентіне жайылды. Алдағы 5-7 күнде өзендегі судың деңгейі төмендейді деген болжам бар", - деді Ильин бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Соңғы жаңалықтар